Головкин Қазақстан құрамасының бас бапкеріне жауап берді

13 қыркүйек 2023 11:14
©DAZN

Қазақстандық белгілі боксшы Генадий Головкин футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиевке үн қатты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында Адиев Головкинмен кездесуі туралы әлеуметтік желіде жазған еді. 

10 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу матчтінде Солтүстік Ирландияны өз алаңында 1:0 есебімен ұтқан болатын. Головкин осы ойынды тамашалауға келген еді. 

"Жаңа жеңістер тілеймін", - деп жазыпты Головкин Instagram сторисінде, Адиевпен бірге түскен суретін жариялап.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport