Бокс
29 тамыз 2019 12:12

Головкин карьерасындағы 400-ге жуық жекпе-жектің бірде-бірінде нокдаунға түспеу сырын айтты

© DAZN
Қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) Fox News радиостанциясындағы The Ashley Webster Experience бағдарламасында кәсіпқойдағы алғашқы жекпе-жегін еске алды және карьерасында неге ешқашан нодаунда болмағанын түсіндірді. 


Әуесқой бокста Головкин әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған. Ол 345 жекпе-жекте жеңіске жетіп, бес кездесуінде жеңілген. 

Кәсіпқой рингкте GGG алғаш 2006 жылы мамырда мажарлық Габор Балогпен (3-112-5, 1 КО) жұдырықтасты. Қазіргі таңда қазақстандық 39 жеңіске жетіп, бір жекпе-жегінде тең түсті және бір рет жеңілген. 

- Кәсіпқойдағы алғашқы жекпе-жегіңіз туралы айтып беріңізші. Есіңізде жақсы сақталды ма?
- Әрине, есімде. Ол өте оңай болды. Маған бірнеше раунд жұмыс істей тұр деді, бірақ, мен оны бірінші раундта сұлататынымды айттым, - деп есіне алды қазақстандық боксшы. 

- Әусқойда сізде жеңіс өте көп, өзге боксшыларға қарағанда.
- Иә, менің әуесқой карьерам жақсы өтті. Жекпе-жек көп болды, жеңіс те, мен өз жұмысымды білемін.

- Бұл кәсіпқойда көмек болды ма?
- Дәл солай.

- Сіз ешқашан нокдаунда болмадыңыз?
- Ешқашан!

- Осындай қалайша болуы мүмкін?
- Оны неге менен сұрайсыздар? (күледі). Меніңше, генетикама және мені үнемі қолдап, салауатты өмір үшін бар жағдайды жасаған ата-анама рахмет айту керек шығар.