Белгілі менеджер әрі инсайдер Рик Глейзер қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) болашағы туралы сөз қозғады. Ол GGG мансабын үнсіз аяқтады деп есептейді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"GGG 16 ай бұрын "Канелоға" жеңілгеннен бері жекпе-жек өткізген жоқ. Сондай-ақ өз еркімен барлық әлемдік титулдарынан бас тартты. Бірнеше тиімді ұсыныстар келгенімен шаршы алаңға шықпады. Ол сәуірде 42 жасқа толады. Геннадий кәсіпқой бокстан біржолата кеткен секілді. Бірақ әзірге ешқандай ресми ақпарат жоқ. Оның артында үлкен мұра қалды", - деп жазды Глейзер Twitter-дегі аккаунтында.
Еске салайық, қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың қыркүйегінде өткізіп, Сауль Альвареспен (60-2-2, 39 КО) трилогияда төрешілердің шешімінен жеңілген еді.