Головкин карьерасын аяқтауға қатысты ойын нақты айтты

©instagram.com/gggboxing/

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жек алдында карьеарсын аяқтауға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Fightnews.info.

"Ары қарайғы әрекетімізді нәтижеге байланысты жоспарлаймыз. Келесі жепке-жектен кейін не істейтінімізді ойлаймыз. 

Зейнетке шығу - өте қиын мәселе. Әр күн жаңа дүние алып келуі мүмкін. Келесі айқастан кейін қаржылық жағынан қандай мүмкіндіктер ашылатынын және қаншалықты қызық айқастар бары белгілі болады. Мен уақыты келгенде шешім қабылдаймын. 

Болжам жасау қиын. Маған ұнайтындықтан бокспен шұғылданамын. Зейнетке кету әдетте бір ғана себепке байланысты болмайды. Бұған бірқатар себеп итермелейді. Ал әзірге мен додадамын", - дейді Головкин. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар