Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Yahoo! Japan басылымына берген сұхбатында карьерасын аяқтау туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
- Қазір бар назарыңыз Муратамен айқаста, ал осы жекпе-жектен кейін не істемексіз?
- Бұл кездесуден кейін үйге барып, Жаңа жылды отбасымен бірге өткізу. Риотамен айқастың маңыздылығы сонша, одан басқа ештеңе ойлап жүргем жоқ
- Келесі жылы 40 жасқа толасыз. Карьераңызды аяқтаған соң немен айналысарыңызды ойладыңыз ба?
- Қазіргі таңда өнер көрсетіп жүрген кәсіпқой боксшымын, сондықтан бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Мүмкін ол жаңа бірдеңенің бастауы болар. "Нағыз өмір 40 жаста басталады" деген сөз бар ғой. Сондықтан көп іс тындыруға болады. Ең бірінші отбасымның ортасында өмірден ләзәт аламын. Әке болғандықтан қарбалас күндер де болуы ықтимал.
ipoint.kzрекламаУзнать больше
- Я все еще действующий профессиональный боксер, поэтому не готов ответить на этот вопрос. Я думаю, это будет новое начало. Есть поговорка: "Жизнь начинается в 40 лет". Так что можно найти много дел. Прежде всего буду наслаждаться жизнью с семьей. Могут быть напряженные дни и в качестве отца.