Бокс
26 сәуір 2020 13:32

Головкин карантинде немен айналысып жатқаны айтылды

Сурет: Allboxing
Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) коронавирус пандемиясына байланысты каратин кезінде немен айналысып жатқаны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Оның өкілі Фред Штернбургтің айтуынша, Головкин оқшаулану режимін бұзбай, үй жағдайында жаттығуын жалғастырып жатыр.

"Геннадий қазір отбасымен бірге карантин кезінде үйде шектеулі жаттығулар өткізіп жүр. Ол бокс аренаға оралған кезде келесі жекпе-жек туралы мәселені қуана қарастырады", - деді Штернбург ESPN-ге берген сұхбатында.

Головкин келесі жекпе-жегін IBF титулына міндетті үміткер Камела Шереметаға (21-0, 5 КО) қарсы өткізуді жоспарлап отыр. Олардың жекпе-жегі ақпанда өтуі керек еді, бірақ кейінірек GGG жарақат алып, кездесуді маусымға қалдыруға мәжбүр болған.

Осыдан кейін қазақстандық боксшы мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (53-1-2, 36 КО) қарсы шықпақ Тараптар трилогияның қаржылық шарттары туралы келісімге келген.

Жекпе-жек 12 қыркүйекке жоспарланған және кездесу Даллас қаласындағы AT&T стадионында (Техас, АҚШ) өтуі мүмкін.