Головкин "Канелоның" құйтырқысына үнсіз қалмады

12 қыркүйек 2022 08:23
©RingSide24

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) 2018 жылғы екінші жекпе-жек алдында допингпен ұсталғанын еске салды. Оның сөзінше, мұндайды айтпай қалуға болмайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

2018 жылы Альварес пен Головкин мамырда жұдырықтасу керек болатын, алайда, мексикалықтың тестінен кленбутерол анықталды. Осыдан кейін айқас күзде өтіп, Головкин карьерасында алғаш рет жеңілді. 

"Мұны ұмытуға болмайды. Кей адамдар бұндай жағдайға көндігіп қалған, ал енді бірі тіптен ойлағысы да келмейді. Мұндайды айтпай қалуға болмайды", - деп береді Головкиннің сөзін Boxingscene.com.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар