Головкин "Канелоның" экс промоутерлерін сотқа берді

©DAZN

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Golden Boy Promotions компаниясын сотқа берді, деп хабарлайды Allboxing.ru.

Арыз сол кезде промоутерлік компания ісін жүргізген Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) 2018 жылы өткен екінші жекпе-жекке қатысты. 

"Міне бұл өкінішті". Головкин Муратамен айқастың шегерілуі мен карьерасын аяқтау жайлы

Бұл бокс кешін Golden Boy және Головкинге тиесілі GGG Promotions компаниясы бірге ұйымдастырған. Fight Freaks Unite мәліметінше, Головкин Golden Boy өкілдерін келісімшартты бұзды деп айыптап, кемінде 3 миллион доллар қарызын өтеуді де талап етіп отыр. Шағым Калифорнияның Лос-Анджелес округінің орталық учаскесіне қарасты сотына берілген. 

Головкин Альваресті жеңе алмаса не болатынын айтты

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport