Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) жекпе-жек алдында өзінің жасын сөз етті, деп хабарлайды Allboxing.ru.
Боксшылар арасындағы үшінші айқас 17 қыркүйекте өтеді.
"Менің жасым, алдыңғы екі айқаспен салыстырғанда не өзгерді. Әйтеу ол менімен 40 толғанда жұдырықтасуға келісті, 50 келігенімді күтпей. Шынын айтқанда, осы төрт жыл бойы "Канело" түрлі мәлімдеме жасады, өзін мақтады. Ал айналып келгенде осынша жыл қашып жүрді", - дейді Головкин.