Головкин "Канелоны" осы жолы ненің арқасында жеңетіні айтылды

©

Аралас жекпе-жек шебері Артем Резников айқастарда спортшының атағына байланысты басымдық беріп жіберу жиі кездесетінін айтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"События в мире бокса и ММА" арнасына берген сұхбатында қазақстандық спортшы Головкин - "Канело" айқасы туралы ойын айтты. 

- "Канело" - Бивол жекпе-жегін алайық. Бәрінің айтқаны: "Канело" жеңді. Бивол жеңді деп ешкім айтпас еді. Мұндай сирек. Неге? Өйткені "Канело" - атақты боксшы, ал Бивол - ондай емес еді. Көпшілік спортшының дағдысына қарай емес, атағына байланысты шешім шығарады. Аты белгілі болса, демек мықты деп ойлайды. Олай емес қой.

- Альваресті төрешілер барынша көтермеледі...

 - Бір-екі раунд артықшылық берді, бұл күлкілі ғой.

- Ал Головкин Альваресті жеңді ме?

- Біріншісінде, иә, анық жеңді. Екіншісін айта алмаймын. 

- "Канеломен" үшінші айқаста Головкиннің жасы өз әсерін тигізе ме?

- 40 жас өзінікін бәрібір алады, дегенмен, Геннадий бұл жолы жеңсе, тарихқа атын жазып кетеді.

- Нокаут болса ғана жеңе ме?

- Жоқ, оның тыныс алуы жақсы. Кейінгі айқасында ол соңына қарай шабуылын үдете түсті. Функционалы жақсы, ұпай санымен де жеңе алады.

- Төрешілер бере ме екен?

- Төрешілер бермей қою ықтимал, иә. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: