Бокс
10 шілде 2018 11:45
 
Головкин "Канелоны" қашпай жұдырықтасуға шақырды

  Пікірлер

blog.share

Головкин "Канелоны" қашпай жұдырықтасуға шақырды © Vmma.ru

Орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) алдағы жекпе-жектен не күтетінін айтты.

Головкин мексикалық боксшы алғашқы жекпе-жектегі ашық жұдырықтаспау тактикасын өзгертеді деген үмітте. 

"Канелоның" шабуылдағанын күтемін, өйткені мұны адамдар көптен күтіп келеді. Мен соңғы гонг соғылғанға дейін соққылармен алмасуға дайынмын. Алғашқы жекпе-жекте Сауль алға ұмтылмады. "Канелоның" мықты боксшы және көрермен қалайтын жекпе-жек болатынына күмәнім жоқ. Бұл боксты сүйетіндер үшін тамаша кеш болады. Стильімді өзгертпеймін. Мен үнемі алға ғана жүремін, сондықтан айтарлықтай өзгеріс болмайды. "Канелоға" өзгеру керек". 

Мұның алдында Головкин алдағы қарымта жекпе-жектің "Канелоға" көбірек қажет екенін айтқан. Оның айтуынша, мексикалық өзіне зиян келтіріп, жаман атқа қалды.

"Нағыз көше төбелесі болады" - Головкин "Канеломен" қарымта туралы

Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылы 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында болған. Қарымта биыл 15 қыркүйекке сол орынға белгіленіп отыр. 

Жарнама

Живи спортом!