Головкин "Канеломен" үшінші кездесу үшін салмақ ауыстыра ма? Промоутер жауап берді
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) суперорта салмақта жұдырықтаса алады. Мұндай пікірді екі боксшымен де жұмыс істейтін Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн айтты.

Қазіргі уақытта Головкин орта салмақта, яғни 160 фунт немесе 72,56 келіде WBA Super, IBF және IBO белбеулерінің иегері. Ал Алварес бір салмақ жоғары, суперорта салмақта (168 фунт немесе 76,2 келіде) әлемнің абсолют чемпионы. GGG мен "Канело" арасындағы үшінші кездесу қыркүйек айында өтуі мүмкін.
"Менің ойымша, Головкин 168 фунтқа көтеріле алады. Себебі, ол 160 фунт үшін көп салмақ тастайды.
Келесі аптада "Канело" Биволды жеңсе, қызық болады. Сол кезде трилогия 168 фунтта өтеді. Егер екі боксшының командасы келісімге келсе, жекпе-жек 168 фунтта өтеді деп ойлаймын", - деп келтіреді Хирннің сөзін boxingnews24.com порталы.
Айта кетейік, өз сұқбатында Головкин мен "Канелоның" үшінші кездесуі мексикалықтың Дмитрий Биволға қарсы өтетін кездесуіне тікелей байланысты екенін айтты. Бұл жекпе-жек 7 мамыр күні Лас-Вегас қаласында болады.
Жарнама