Forbes журналисті Джош Кацовиц қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) үшінші жекпе-жекке қатысты пікірін білді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кацовиц GGG-мен сөйлесіп, "Канеломен" трилогия туралы сұрақ қойды.
"Егер Альвареспен үшінші кездесу өткізбесең, бұл карьераңдағы бір кемшілік болады деп ойлайсың ба" деген сұраққа Головкин былай жауап берді: "Бұл менің карьерамдағы үңірейіп қалған кемдік болмайды. Маған қазір ыңғайлы. "Канелоға" қатысты маған бәрі түсінікті.
Егер бұл айқас айтарлықтай қызығушылық тудырып, шыңырауына жетіп, бәрі мүдделі болса, ол жекпе-жек өтеді. Мен ашықпын және дайынмын. Бірақ әрине, "Канело" не ойлайтынын ешкім білмейді.