Бокс
30 маусым 2022 14:28
 

Головкин "Канеломен" трилогиядан кейін не істейтінін айтты

  Пікірлер

blog.share

Головкин "Канеломен" трилогиядан кейін не істейтінін айтты ©boxingscene.com

Орта салмақта WBA Super, IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) өтетін айқастан кейін не істейтін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

Орта салмақта WBA Super, IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) өтетін айқастан кейін не істейтін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесу 17 қыркүйек күні Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында T-Mobile Arena спорт кешенінде өтеді. Аталған айқас супер орта салмақта болады. 

"Минустар әрине көп. Себебі мен бүкіл өмірімді жаттығумен өткізгенмін. Әр күнімді жоспарлап жүретінмін. Салмағымды ұстап. Енді өзгеріс енгізу керек болатын сияқты. "Канеломен" кездесуден кейін не болады? Білмеймін ... Шынымен білмеймін ... Бивол? Қазір ол немен айналысып жатыр. Өйткені ол "Канелоны" жеңді ғой. Мен бәрін түсінемін. Сіздер де түсініңіздер. Бұл тек бокс емес, бизнес", - деп келтіреді Головкиннің сөзін vRINGe.com порталы. 

Айта кетейік, биыл Головкин де "Канело" да бір-бір кездесуден өткізді. Қазақстандық Жапонияда жергілікті боксшы Риото Муратаны (16-3, 13 КО)  жеңсе, Альварес күтпеген жерден ресейлік Дмитрий Биволдан (20-0, 11 КО) жеңілді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!