Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен төртінші жекпе-жегіне қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Шынтуайтына келгенде төртінші айқас болмайды. Себебі ұйымдастыру тым қымбатқа түседі. Кім өткізуі мүмкін? DAZN? Бұған сенбеймін. Кім? Қай арна? ESPN? Showtime?", - дейді BoxingScene Головкиннің сөзін келтіріп.
Еске салайық, қос алып арасындағы айқас 17 қыркүйекте Лас-Вегас (АҚШ) төрінде өтеді.