Головкин "Канеломен" спаррингтер туралы айтып берді

13 қыркүйек 2022 07:36
©instagram.com/gggboxing

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) спаррингтерін еске алды. Бұл 2011 жылы, боксшылардың бірінші айқасынан алты жыл бұрын болатын, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Біз бірнеше жаттығу жиынын өткіздік. Бұл бұрын болған және ол басқа боксшы еді, мен де өзге болдым. Ол басқа уақыт еді. Мен әлдеқайда жақсы позицияда болдым. Біз спарринг өткіздік, бір-бірімізбен тәжірибе алмастық. Әлбетте ол спаррингтердің бәрі есімде. Ол уақытта қазіргідей емес, ол жас боксшы болатын", - деп береді Головкиннің сөзін Fightnews.info порталы The Making of a Trilogy деректі фильміне сілтеме жасап. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар