Бокс
10 маусым 2017 09:12
 
Головкин "Канеломен" өтетін жекпе-жектегі мүмкіндіктеріне баға берді

  Пікірлер

blog.share

Головкин "Канеломен" өтетін жекпе-жектегі мүмкіндіктеріне баға берді

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин осыдан бірнеше жыл мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареспен өткен спаррингі жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Кейбір раундтары ғана есімде қалды. Ол маған көмектесті, мен оған көмектестім. Жай бокс, спарринг болды, бірақ ол нағыз жекпе-жек болған жоқ. Оның сол кезде жас болғаны және тез қимылдайтыны есімде қалыпты. Бірінші орта салмақтағы боксшы ретіндегі соққысы жақсы болды. Ол соңғы екі кездесуінде біраз күш пен тәжірибе жинағанын дәлелдеді", - дейді Головкин.

Сондай-ақ, қазақстандық боксшы спаррингтің өткеніне біраз жыл болғанын айтып өтті. "Ол қазір бұрынғыдан қарағанда тәжірибелі. Сондықтан да жекпе-жектегі мүмкіндіктерімізді 50-де 50 деп айта аламын", - деді Головкин BoxingScene басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, 7 маусымда Головкин Қарағандыда өзінің аты берілген спорт кешенінің ашылу салтанатында болған еді. Қазақстандағы сапары кезінде боксшы өкіл болып келетін Астанадағы EXPO-2017 көрмесіне қатысады. Шілденің ортасында боксшы АҚШ-тың Калифорния штатындағы Big Bear базасында жаттығу лагерін бастайды. Ал 16 қыркүйекте мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасады.

Жарнама

Живи спортом!