Головкин "Канеломен" кездесу үшін салмақ ауыстыра ма? Промоутер жауап берді
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен үшінші кездесу үшін ауырлау салмаққа ауысса дұрыс болады. Мұндай пікірді Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн айтты.
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен үшінші кездесу үшін ауырлау салмаққа ауысса дұрыс болады. Мұндай пікірді Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн айтты.
Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші айқас қыркүйекте өтеді деген ақпарат бар. Бұл боксшылар осыған дейін 2017 және 2018 жылдары екі мәрте кездесті. Бірінші айқаста тең нәтиже тіркелсе, екінші кездесуде мексикалықтың мерейі үстем болды.
"Адамдар бірнеше маңызды дүниеге назар аудармайды. Біріншіден, Головкин 400 күн жұдырықтаспады. Екіншіден, Головкин Жапонияға осы елдің ең мықты боксшысына қарсы кездесу өткізу үшін келді. Үшіншіден, Головкин барлық кездесуін ақырын бастайды. Төртіншіден, Геннадийдің жасы егде. Бірақ мен бұған қатты назар аудармаймын. Бесінші және соңғысы Головкин орта салмақта қалғанды жөн санамаймын.
GGG орта салмақта қанша уақыт өнер көрсетіп келеді? Өмір бойы. Сондықтан ол салмақ ауыстыру керек. Егер "Канело" Биволды жеңетін болса, Головкин үшінші кездесу үшін екінші орта салмақта өтеді. Екінші орта салмақта Головкинде үстемдік болады. Мен оған ешқандай күмән келтірмеймін.
Екінші орта салмақ үшін "Канело" ірі боксшы емес. Сол үшін бұл салмақта, бұл кездесуде басымдық Головкинде болады", - деп келтіреді Хирннің сөзін DAZN Boxing Show.
Еске салайық, Головкин соңғы кездесуін 9 сәуір күні Сайтамада (Жапония) өткізіп, Риото Муратаны тоғызыншы раундта жеңді.
Жарнама