Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Yahoo! Japan басылымына берген сұхбатында Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) трилогияға қатысты ойын және кейінгі кезде көпшілік алдында неге ана тілінде ғана сөйлей бастағанын айтты.
- Сауль "Канело" Альвареспен әлі де жекпе-жек қалайсыз ба? Егер айқас өтсе, суперорта салмақта болары анық, сізге ол ыңғайлы ма?
- "Канеломен" жекпе-жекті күту, ол акция құнының өсуін тосқанмен бірдей. Егер IPO деңгейіне жетсе, мүмкін жұдырықтасармыз.
- АҚШ-та супержұлдыз бола алдыңыз, бірінші айқаста "Канелоны" төрешілер шешімімен жеңсеңіз бұдан да даңқты болар едіңіз. Альвареспен өткен айқастар туралы әлі де ойлайсыз ба?
- Ол жекпе-жектер туралы ойлауды қойдым. Бұған қатысы барлар, жағдайды біледі және онымен бетпе-бет келуіне тура келеді. Бокстан хабары барлар кім жеңгенін біледі.
- "Канеломен" екінші кездесуден кейін неге ағылшын тілінде сөйлеуді қойдыңыз?
- Ана тілімде ойымды дәлірек жеткізе алатынымды сездім.