Бокс
9 тамыз 2022 10:31

Головкин "Канеломен" жекпе-жекте өзін не күтіп тұрғанын айтты

©Видеодан кадр

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 KO) үшінші айқаста өзін не күтіп тұрғанын білетінін айтады, деп хабарлайды vRINGe.com.

Мамырда Дмитрий Биволдан жеңілгеннен кейін мексикалық екінші рет қатар жеңілуге жол бере алмайтыны айтылды. 

"Бұл айқасқа ол Биволмен жекпе-жекпен салыстырғанда салмақтырақ қарайды деген сенімдемін. Биволға қарсы ол аса бір ынтамен шыққан жоқ", - дейді Головкин. 

17 қыркүйектегі "Канело" мен Головкин трилогиясы суперорта салмақта (76,2 келіге) өтеді. Бұл дивизионда мексикалық абсолют чемпион.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport