Головкин "Канеломен" жекпе-жекке не үшін шығатыны айтылды

©INQUIRER.net

"Боксерская правда" Youtube арнасының авторы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) жекпе-жекке қандай мотивациямен шығатынын пайымдап көрді.

"Головкиннің жағдайы шынымен қиын бола ма және мотивациясы қандай? Өкініштісі біраздан бері Головкин үшін қарсыласты жеңу ғана мотивация емес. Көбіне бұл ақша. Осыдан сұрақ туады "Головкин жалпы жеңгісі келе ме?" әлде көрермен үшін тартысты айқас өткізбек пе? Меніңше, Гена тек жеңіс үшін шығады, қыруар ақшаға қарамастан. Оның енді еш жоғалтары жоқ, сондықтан, тек жеңісті ойлайды, жеңіс жоспарын құрады. Жасына қарамастан, оның "Канеломен" екінші кездесуін еске алайықшы. Головкин ол кезде жеңісті көздеді. Головкинге екінші нөмірде әрекет еткен жөн, өйткені Альварес сияқты боксшы ол үшін өте мықты қарсылас", - дейді арнаның авторы.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport