Головкин "Канеломен" жекпе-жек анонсын жариялады

4 қыркүйек 2022 09:41
©twitter.com/maverickstars1

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) және Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекке үш апта қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

GGG әлеуметтік желіде анонс жариялады.

Қазақстан уақыты бойынша трилогия 18 қыркүйек таңғысын өтеді. Алдыңғы екі айқас сияқты ол Лас-Вегастағы T-Mobile Arena кешенінде болады. Бұл кездесуде екінші орта салмақтағы "Канелоға" тиесілі абсолют чемпион атағы сарапқа салынады. 

"Жекпе-жекке дейін екі апта", - деп жазыпты Головкин.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар