Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жек алдында өзін мүлде басқаша сезінетінін айтады, деп хабарлайды reviewjournal.com.
- Көп уақыт өтті. Біз қазір мүлде басқа боксшылармыз.
- Мүлде басқа боксшымыз дедіңіз. Бұл нақты неден білінеді?
- Бірінші кезекте жасым, әрине. Ешкімді алдай алмайсың. Жасың 40-та болғанда өзіңді басқаша сезінесің, басқаша көрінесің, 35 немесе 36 жаспен салыстырғанда.