Головкин "Канелоға" тигізген ауыр соққыларының видеосын жариялады

© HBO Boxing
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареске тигізген аса қатты соққылары көрсетілген Big Drama Show жаңа видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода Головкин Kazakh thunder (күннің күркірі) деп таныстырылды.

Роликте қазақстандықтың басқа да қарсыластарымен болған жекпе-жекгінен үзінділер бар, алайда басты назар "Канелоға" тиген соққыларға аударылған.



Еске салсақ, 9 маусымда Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпен жеңді. Шоу Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті.

Головкиннің Ролсспен жекпе-жегі DAZN-мен үшжылдық алты кездесуінің біріншісі және Джонатан Бэнкстің бапкерлігімен өткізген бірінші жекпе-жегі.
Жаңалықтар