Бокс
5 тамыз 2019 11:27
 
Головкин "Канелодан" тартып алынған титул үшін жұдырықтасатынын растады

  Пікірлер

blog.share

Головкин "Канелодан" тартып алынған титул үшін жұдырықтасатынын растады © boxingscene.com

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (52-1-2, 35 КО) тартып алынған IBF белбеуі үшін жекпе-жек бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын растады, - деп хабарлайды LA Times.

Бұл белбеуден Альварес чемпиондыққа міндетті қарсылас украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 KO) жекпе-жек бойынша келісімге келе алмай айырылған еді.

IBF әзірге Деревянченко мен Головкин арасында бос қалған титул үшін жекпе-жекті ресми бекіткен жоқ. Дегенмен тараптар жекпе-жекті қазан айына белгілеу бойынша келісіп жатыр. 

"Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", - дейді Головкин, алайда, мән-жайды ашпады.

Айта кетейік, Головкин IBF титулынан 2018 жылы ұқсас жағдайда айырылған - Деревянченкомен жұдырықтаспады. 2018 жылы қазанда украиналық бос қалған белбеу үшін америкалық Дэниэл Джейкобспен (35-3, 29 КО) жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңілген.

Ал биыл мамырда Джейкобс белбеулер біріктірілетін жекпе-жекте WBC (Franchise) және WBA (Super) титулдарына ие Альварестен жеңілді. Осы уақытта Деревянченко іріктеу жекпе-жегінде Джек Кулькайды жеңіп, қайтадан міндетті үміткер атанды.

Жарнама

Живи спортом!