Головкин "Канелодан" тартып алынған чемпиондық титул үшін қашан жұдырықтасатыны айтылды

Геннадий Головкин. Сурет: Las Vegas Review Journal
Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (52-1-2, 35 КО) тартып алынған IBF белбеуі үшін жекпе-жек бойынша келісімге келді. Бұл туралы BoxingScene.com журналисті Кит Айдек хабарлады. 

Мұның алдында Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (52-1-2, 35 КО) титулды алып қойғаны хабарланған еді. Мұндай шешімнің себебі Альварестің чемпиондыққа міндетті қарсылас украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 KO) жекпе-жек бойынша келісімге келе алмауы.

Енді бос қалған IBF белбеуі үшін Головкин мен Деревянченко жұдырықтасады. Айдектің сөзінше, жекпе-жек 5 қазанда өтеді. 

Бұл ақпаратты The Athletic журналисті Майк Коппинджер де растап, боксшылар Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасуы мүмкін екенін айта кетті.

Еске салайық, Альварес IBF титулын 4 мамыр Лас-Вегаста америкалық Дэниэл Джейкобсты (35-3, 29 КО) жеңіп, иеленген болатын.

Альварес чемпиондық белбеуден айырпылып, Головкинге жол ашты