Головкин "Канелодан" неге жеңілгенін айтты

©Тұрар Қазанғапов

Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен үшінші жекпе-жекке қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Лас-Вегастан.

Трилогияда 12 раунд қорытындысы бойынша Сауль Альварес басым түсті. 

"Стратегиялық тұрғыда менің тарапымнан жекпе-жекті ақырын бастағаным қателік болған шығар. Ол айқасты қалай жүргізетінін көргім келді, қалай өрбіте бастайтынын. Екеуміз де жеңіл бастадық, барлаудан. Алайда бұл созылып кетті. Ал енді қыза бастағанда кеш болып кетті. 

Жеңіліп қалдым деген сезім жоқ, одан сызат та түскен жоқ. Өзімді жақсы сезінемін, бойым энергияға толы. Бәсекелі айқас болды, екінші бөлігінде қарсыласымнан жақсырақ болғандаймын.  

Жеңісін төмендеткенім емес. Ол жеңді. Бірақ ол мықтырақ немесе жылдам болды дей алмаймын, керісінше. Жекпе-жектің екінші жартысында ол күш пен жылдамдық жоғалтты. Ол мені таңқалдырмады", - дейді Головкин баспасөз жиыны кезінде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Показать комментарии