Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) Лас-Вегастағы трилогия алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Екінші орташа салмақтың шегі - 168 фунт (76,2 келі). Таразыда қазақстандық 167,8 фунт, ал Мексикадан келген қарсыласы 167,4 фунт көрсетті.
Головкин мен Альварес дивизиондағы абсолют әлем чемпионы атағын сарапқа салады: IBF, WBA Super, WBO және WBC титулдарын.
Бәсекелестердің үшінші айқасы тағы да T-Mobile аренасында өтеді. Қазақстандық уақыт бойынша жекпе-жек 18 қыркүйекте, жексенбі таңертең өтеді және Qazaqstan және Qazsport телеарналарының тікелей эфирінде көрсетіледі.
Бокс кешінде тағы бір қазақстандық жұдырықтасады - Әли Ахмедов (18-1, 14 КО) Габриэль Росадомен (26-15-1, 15 КО). Ахмедов пен Росадо да салмақ өлшеу рәсімін өтті. Қазақстандық салмақ өлшеу кезінде 167,8 фунт, ал америкалық қарсыласы - 167,6 фунт көрсетті.
Бұл жекпе-жекте екінші орта салмақтағы екі белбеу - WBC Silver және IBF тұжырымынша "Солтүстік Америка" чемпионы белбеуі сарапқа салынады.