Геннадий Головкин (42-1-1, 37 KO) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 KO) жекпе-жегінің андеркарды белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Басты айқастардың бірінде 52 келіге дейінгі салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Джесси Родригес (16-0, 11 КО) мексикалық Исраэль Гонсалеске (28-4-1, 11 КО) қарсы кездесуде белбеуін қорғайды.
76 келіде қазақстандық Әли Ахмедов (18-1, 14 КО) америкалық ардагер боксшы Габриэль Росадомен (26-15-1, 15 КО) қолғап түйістіреді.
72 келіде америкалық проспект Остин Уильямс (11-0, 9 КО) британиялық Кирон Конвэймен шаршы алаңда өзара мықтыны анықтайды.
76 келі салмақ дәрежесінде АҚШ-тың өкілі Диего Пачеко (15-0, 12 KO) Пуэрторикодан келген Энрике Коллазоға қарсы (16-2-1, 11 KO) айқасады.
Американың тағы бір былғары қолғап шебері Марк Кастро (7-0, 5 КО) 59 келі салмақта мексикалық Кевин Мендосамен жұдырықтасады.
Еске салайық, Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) бокс кеші 17 қыркүйекке жоспарланған.