JFclN5IzYy7uQauYZOtC6FDQvIaaUXFmPkkfKVfH
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Головкин - "Канело" қарымтасының төрешілері белгілі болды

Головкин - "Канело" қарымтасының төрешілері белгілі болды
© telegraf.com.ua
Невада штатының Атлетикалық комиссиясы (NSAC) WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы қарымта жекпе-жектің төрешілері мен рефериін ресми түрде атады.

Рингтегі рефери америкалық кіші Бенджи Эстевес. BoxRec мәліметінше, ол 636 жекпе-жекте рефери болған. 1954 жылы дүниеге келген Эставес Нью-Йорк тұрғыны. Бұл кәсіппен 1982 жылдан бері айналысып келеді. Осы уақытта ол кіші Флойд Мейвезер, Костя Цзю, Артуро Гатти, Бернард Хопкинс, Шейн Мозли, Келли Павлик және басқа атақты боксшылардың жекпе-жегіне рефери болған. 

Қарымта төрешілері америкалық Дэйв Моретти, Гленн Фельдман және Стив Вайсфельд болады. Бұл үш төреші Сергей Ковалев (32-3-1, 28 КО) және Андре Уорд (32-0, 16 КО) жекпе-жегіне бірге қатысқан. 

"Канелоның" уақыты келді". Мексика боксының аңыздары Альварес Головкинді жеңіп, тарихқа енетінін айтады

1977 жылдан бері Моретти 988 жекпе-жекке төрелік етті. Фельдман бұл кәсібін 1992 жылы бастады және 982 жекпе-жекке қатысты, ал Вайсфельд 1991 жылдан бері 1759 жекпе-жекте төреші болған екен.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегінде рингтегі рефери Кенни Бейлесс, ал төрешілер Дэйв Морретти, Дон Трелла және Аделаида Берд болған.

Ол кезде Моретти жеңісті Головкинге берді - 115-113, Трелла боксшыларды тең қойды - 114-114, ал Берд Альваресті жеңімпаз деп таныған - 118-110 және осының салдарынан үлкен сынға қалды. 

15 қыркүйекте Головкин мен Альварес Лас-Вегастағы T-Mobile аренасына қайта оралып, жеңімпазды анықтайды. АҚШ-та бұл жекпе-жек HBO ақылы трансляциялар жүйесі арқылы көрсетеді. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар