jkBFTEshKmbqrbCWzNZOXPK1HThkWhzQ6Xs8Qgj9
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Головкин - "Канело" қарымтасының андеркартында тамаша нокаут көрсеткен Лемье келесі қарсыласын тапты

 Головкин - "Канело" қарымтасының андеркартында тамаша нокаут көрсеткен Лемье келесі қарсыласын тапты
Канадалық Давид Лемье (40-4, 34 КО) 2018 жылғы соңғы жекпе-жегіне қарсыласын анықтады, - деп хабарлайды BoxingScene.

TVA Sports арнасының мәліметінше, Лемье Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы бокс кешінің андеркартында жұдырықтаспақ. Бұл кештің басты оқиғасы WBC, WBA (Super) мчемпионы Сауль "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО) пен екінші орта салмақта WBA Regular чемпионы британиялық Рокки Филдинг (27-1, 15 КО) арасындағы жекпе-жек болады. 

Ал Лемьеге ең ықтимал қарсылас ретінде багамалық Туреано Джонсон (20-2, 14 КО) болады деген мәлімет бар. Багамалық боксшы бұрын орта салмақта WBC Silver және WBA International белбеулерінің иегері болған. Джонсон соңғы рет 2017 жылы тамызда жұдырықтасып, 12-ші раундта техникалық нокаутпен украиналық Сергей Деревянченкодан (12-1, 10 КО) жеңілген. 

Ал Лемье соңғы рет 15 қыркүйекте ирландиялық Гэри О'Салливанды (28-3, 20 КО) нокаутқа түсірген. Бұл жекпе-жек Головкин - "Канело" қарымтасының андеркартында өтті. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар