Бокс
30 маусым 2022 12:38

Головкин "Канело" жеңілгенде не ойлағанын ашық айтты

©Fightnews.info

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) ресейлік Дмитрий Биволдан жеңілгенін естігенде не ойлағанын айтты, деп хабарлайды vRINGe.com.

8 мамырда Дмитрий Бивол төрешілер шешімі бойынша "Канелоны" жеңген еді. 

"Менің бірінші сөзім: "Не дейді? Мұндай мүмкін емес!". Жекпе-жекке дейін промоутер Эдди Хирн "Канелоны" жеңілмейтін суперқаһарман етіп көрсететін. Капитан Америка сияқты. Крузервейтке көтеріледі деген еді. Ал меніңше, бәрі орнына келді. "Канело" тамаша боксшы, бірақ, Бивол да мықты. Ол кезде мен күліп жібердім, өйткені бәрі шындықты көрді", - дейді Головкин. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport