Бокс
26 қыркүйек 2017 09:45
 

Головкин - "Канело" жекпе-жегіндегі төрешілердің табысы белгілі болды

  Пікірлер

blog.share

Головкин - "Канело" жекпе-жегіндегі төрешілердің табысы белгілі болды © Getty Images

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) Лас-Вегастағы жекпе-жегінге төрелік еткен төрешілержің шамамен қанша табыс тапқаны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

17 қыркүйекте T-Mobile аренасында үш төреші жұмыс істеді: Дон Трелла, Дейв Моретти мен Аделаида Берд

Берд 118-110 есебімен Альварес жеңді десе, Моретти 115-113 есебімен Головкин жеңді деген шешімге келген еді. Ал үшінші төреші Дон Трелла 114-114 есебімен боксшылар тепе-тең түсті деді.

Daily Mail таблоиды NSAC спорттық комиссиясының басшысы Боб Беннетке сілтеме жасай отырып, судьялардың әрқайсысы 100-500 мың доллар аралығында табыс тапқанын айтады. Алайда Golden Boy промоутерлік компаниясы нақты қанша сомаға чек бергені белгісіз.

Осыған дейін Головкин мен Альварестің жекпе-жектен түсірген табысы жария етілген еді. Головкиннің табысы 25 миллион доллар да, Альварес 35 миллион доллар табысқа кенелген. Бұл қос боксшының да карьерасындағы ең көп гонорар.

Айта кетейік, 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен Головкин - Альварес жекпе-жегі 12 раундқа созылды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

blog.share
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен
Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) Лас-Вегастағы жекпе-жегінге төрелік еткен төрешілержің шамамен қанша табыс тапқаны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

17 қыркүйекте T-Mobile аренасында үш төреші жұмыс істеді: Дон Трелла, Дейв Моретти мен Аделаида Берд

Берд 118-110 есебімен Альварес жеңді десе, Моретти 115-113 есебімен Головкин жеңді деген шешімге келген еді. Ал үшінші төреші Дон Трелла 114-114 есебімен боксшылар тепе-тең түсті деді.

Daily Mail таблоиды NSAC спорттық комиссиясының басшысы Боб Беннетке сілтеме жасай отырып, судьялардың әрқайсысы 100-500 мың доллар аралығында табыс тапқанын айтады. Алайда Golden Boy промоутерлік компаниясы нақты қанша сомаға чек бергені белгісіз.

Осыған дейін Головкин мен Альварестің жекпе-жектен түсірген табысы жария етілген еді. Головкиннің табысы 25 миллион доллар да, Альварес 35 миллион доллар табысқа кенелген. Бұл қос боксшының да карьерасындағы ең көп гонорар.

Айта кетейік, 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен Головкин - Альварес жекпе-жегі 12 раундқа созылды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Жарнама

Живи спортом!