Головкин - "Канело" жекпе-жегі өтетін орын белгілі болды

© AllBoxing.ru
Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) және қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек қыркүйекте өтеді. Бұл туралы The Athletic журналисті әрі инсайдері Майк Коппинджер хабарлады. 

Инсайдердің мәліметінше, трилогия "Даллас Ковбойз" ҰФЛ клубының Арлингтондағы AT&T Stadium алаңында өтеді. 

"Бізге "Канело" - Головкин жекпе-жегі керек, биыл GGG 38 жасқа келеді. Қыркүйек - оған ең оңтайлы уақыт. Трилогия боларына сенімдмін. Оның үстіне, жекпе-жек өтетін орын ретінде "ковбойлардың" стадионы таңдалғанын естідім", - дейді Коппинджер The Athletic’s Pug and Copp подкастында.


Жаңалықтар