Головкин - "Канело" айқасының ең арзан билетінің бағасы айтылды

©boxingscene.com

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) және Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы үшінші жекпе-жектің ең арзан билетінің құны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Трилогия 17 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena шаршы алаңында өтетін болды. Бұл туралы бірнеше сағат бұрын ресми хабарланды

Жекпе-жекті ұйымдастырумен айналысатын британиялық Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы билеттер 24 маусымда алдын ала сатылатынын, ал 27 маусымнан бастап жалпы сатылымға шығатынын хабарлады. Ең арзан билеттің құны 305 доллар болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар