Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) және Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы үшінші жекпе-жектің ең арзан билетінің құны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Трилогия 17 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena шаршы алаңында өтетін болды. Бұл туралы бірнеше сағат бұрын ресми хабарланды.
Жекпе-жекті ұйымдастырумен айналысатын британиялық Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы билеттер 24 маусымда алдын ала сатылатынын, ал 27 маусымнан бастап жалпы сатылымға шығатынын хабарлады. Ең арзан билеттің құны 305 доллар болады.