Бокс
12 қазан 2022 07:39
 

Головкин - "Канело" айқасын ұйымдастырған промоутердің екіжүзділігі ашылды

  Пікірлер

blog.share

Головкин - "Канело" айқасын ұйымдастырған промоутердің екіжүзділігі ашылды ©Harcord

Ауыр салмақтағы америкалық боксшы Джаррелл Миллер Matchroom Boxing басшысы Эдди Хирнді сөкті, деп хабарлайды Fightnews.info. Бұл британиялық промоутердің боксшысы Конор Бенн допингпен ұсталғаннан кейін болды. 

blog.share

Ауыр салмақтағы америкалық боксшы Джаррелл Миллер Matchroom Boxing басшысы Эдди Хирнді сөкті, деп хабарлайды Fightnews.info. Бұл британиялық промоутердің боксшысы Конор Бенн допингпен ұсталғаннан кейін болды. 

"Мен білетін ең топас адам туралы видео жазайын. Ол жігіт екіжүзді. Хирннің боксшысы допингпен ұсталды. Мәселе олардың Ұлыбританияда жекпе-жек өткізетіндігінде. Олар UKAD пен VADA қызметін тұтынады. Бенн VADA протоколынан құлады, ал енді Эдди Хирн VADA-ны мойындамаймыз деп шығыпты. Қысқасы ол екі жүзді, өзіне өзі қайшы келіп отыр. 

Енді олар UKAD ережелерін ұстанатын болды, өйткені Бенн оларды бұзбапты. Бұл жерде Хирннің позициясы күлкілі. Ол өзгелерді де автобус астына итерген, оның ішінде мен де бармын", - дейді Миллер. 

Еске салайық, 2019 жылы Миллер британиялық Энтони Джошуамен жекпе-жек алдында допинг тесттен өте алмады. Джошуа да Хирннің қоластындағы боксшы.

Айта кетейік, Хирн кейінгі кезде қазақстандық Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) ісін жүргізіп жүр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!