Головкин - "Канело" айқасы Қазақстанда тікелей көрсетіледі

14 қыркүйек 2022 22:57
©Vesti.kz, Тұрар Қазанғапов

Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы трилогияны елімізде QAZAQSTAN және QAZSPORT телеарналары тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты спорттық телеарнаның ресми инстаграм парақшасы мәлімдеді.

Екі алып арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылы өтіп, жеңімпаз анықталмаған еді. Ал 2018 жылы өткен реванш айқаста Альварес төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді.

Енді трилогия 18 қыркүйек күні елорда уақытымен таңғы сағат 05:00 басталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар