Бокс
7 маусым 2022 16:32
 

Головкин - "Канело" айқасы қай раундта аяқталатыны айтылды

  Пікірлер

blog.share

Головкин - "Канело" айқасы қай раундта аяқталатыны айтылды ©HBO

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) үшінші айқаста қазақстандық Геннадий Головкинді (42-1-1, 37 КО) нокаутпен жеңеді. Мұндай пікірді төрт салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Хуан Мануэль Маркес айтты. 

blog.share

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) үшінші айқаста қазақстандық Геннадий Головкинді (42-1-1, 37 КО) нокаутпен жеңеді. Мұндай пікірді төрт салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Хуан Мануэль Маркес айтты. 

"Альварес Головкинге мүмкіндік бермейді. Ол үнемі шабуылдап, осал тұсын анықтауға тырысады. Менің ойымша, бұл кездесу сегізінші не тоғызыншы раунда нокаутпен аяқталады. Бұған дейінгі екі кездесуде "Канело" қазақстандық боксшыны қалай жеңуге болатынын көрсетті. 

Қазір жанкүйерлер мексикалық стиль туралы көп айтуда. Мен бұл стильді түсіндіре кетейін. Мексикалық стиль - ақылмен жұдырықтасып, қарсыластың жанында жүріп, көп соққы жасау. Сауль оны жақсы орындай алады", - деп келтіреді Маркестің сөзін AllBoxing.Ru порталы. 

Айта кетейік, трилогия 17 қыркүйекте болады. Алдағы айқаста Альварес екінші орта салмақтағы өзінің барлық белбеуін қорғайды. Осыған дейін бұл боксшылар екі мәрте кездескен еді. Бірінші кездесу тең аяқталса, екінші жекпе-жекте мексикалық жеңіске жетті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!