Екінші орта салмақта WBA Super және WBC чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес салмақ дәрежесіне қарамастан ең мықты боксшы деп кімді есептейтінін айтты, деп хабарлайды "Чемпионат".
"Pound-for-Pound рейтингіндегі менің ойымша ең мықты үш боксшы? Теренс Кроуфорд, Теофимо Лопес, Наоя Иноуэ. Таңдау жасау өте қиын. Сонымен қоса, Василий Ломаченко, Джервонто Дэвис пен Райан Гарсияны тамашалаған ұнайды", - дейді Альварес.