Головкин Жүкембаевтың Алматыдағы жекпе-жегін тамашалауға келеді

23 желтоқсан 2022 17:32
©MTK Global

Орта салмақтағы WBA (Super), IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкиннің бауыры Максим 24 қазан күні Алматы қаласында өтетін Батыр Жүкембаевтың жекпе-жегін тамашалауға келеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Максим Головкин бұл кештің құрметті қонағы болады. Сонымен қатар, бұл жекпе-жек кешіне Геннадий Головкин де келіп қалады деген ақпарат бар. 

Бұл жекпе-жек кеші Sadu Arena спорт кешенінде болады. Аталған кеште бірнеше қазақстандық боксшы өнер көрсетеді. 

Батыр Жүкембаев болса кештің басты айқасында Оңтүстік Африка елінің боксшысы Холани Мкотелимен (19-7, 12 KO) WBC Asia белбеуіне таласады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport