Орта салмақта WBA Super белбеуінің иегері жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) осы салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинді (41-1-1, 36 КО) жеңіп кетуі мүмкін. Мұндай пікірді Sky Sports порталына берген сұқбатында Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум айтты.
"Біз Мурата мен Головкиннің айқасын жыл соңына дейін ұйымдастыру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Жапонияда карантин шараларын әлсіздетеді деп сенемін. Бұл кездесуде біз тек ақша жинап қалу үшін жұмыс істеп жатқанымыз жоқ. Пандемиямен де күресу үшін ұйымдастырудамыз.
Мурата - Олимпиада ойындарының алтын жүдегері. Ол тек алға ұмтылатын боксшы. Ал Головкин болса атақ дәрежесіне қарамастан қартайып, карьерасын соңғы кезеңін өткізуде. Сондықтан тең деңгейдегі айқас болады.
Егер алдағы жекпе-жекте Головкин жеңетін болса, онда Крис Юбенк оның келесі қарсыласы атанатынына сенімдімін. Дегенмен Мурата өз елінде апсет жасайды деп ойлаймын. Головкин жеңіліп қалуы мүмкін. Бұл жағдайда Кристің қарсыласы Мурата болады. Аталған кездесуді біз наурызда ұйымдастыруға ниеттіміз", - деді Арум.
Айта кетейік, Головкин мен Мурата кездесуі 29 желтоқсан күні Жапониядағы 37 мың жанкүйерге арнғалған Saitama Super Arena спорт кешенінде өтеді. Бұл отандасымыздың 2021 жылғы бірінші кездесуі болады.
Ал 35 жастағы Мурата соңғы рет шаршы алаңға 2019 жылдың желтоқсан айында шығып, Стивен Батлерге (28-3-1, 24 KO) қарсы кездесуде белбеуін сәтті қорғап қалды.