Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) DAZN стриминг сервисіндегі алғашқы жекпе-жегі алдында ашық жаттығу өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Головкин жаңа бапкері Джонатан Бэнкстің қоластында жаттықты. Бұған дейін қазақстандық боксшы Абель Санчеспен жұмыс істеген еді. Онымен жұмысын биыл сәуірдің аяғында тоқтатқан.
Жаттығу барысында Головкин мен оның жаңа бапкері соққылар техникасы бойынша жұмыс істеді.
Головкин келесі жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. Қарсыласы - канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО). Кездесу 164 фунтқа дейінгі аралық салмақта өтеді. Бұл Головкиннің DAZN-мен келісімшарт аясындағы алты жекпе-жектің алғашқысы болады.
Жарнама