Головкин жеңілмеген чемпионның қарсыластар тізіміне кіріп отыр

Сурет: Тұрар Қазанғапов

DAZN стриминг қызметі қазақстандық Геннадий Головкинді (41-1-1, 36 КО) орта салмақта WBC чемпионы Джермалл Чарлоға (32-0, 22 КО) ықтимал қарсылас ретінде қарастырып отыр. Америкалық босшы өткен демалыста титулын бесінші рет сәтті қорғады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сонымен қоса, өзге де ықтимал қарсыластар арасында мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен Деметриус Андраде де бар.

Еске салайық, кейінгі айқасында Чарло төрешілер шешімімен мексикалық Хуан Масиас Монтиэльді (22-5-2, 22 KO) жеңді. Осы жеңісінен кейін ол кезекті рет Головкинді жекпе-жекке шақырды.

Жаңалықтар