18 шілдеде мексикалық боксшы 30 жасқа келеді.
"36 карьераны аяқтауға жақсы жас деп ойлаймын. Ары кетсе 37 жас. Тәртіп, еңбекқорлық пен ісіңе толық берілу менде әлі бар. Өзгерген біра ғана дүние - менің жетістіктерім. Әйтпесе күнде боксқа жаңа келген баладай жаттығамын. Бокс - бұл менің өмірім. Жекпе-жек аңсап тұрамын, осы істі ұнататындықтан жаттығамын. "Зейнетке" шыққанда немен айналысамын? Бизнеспен, сосын күнде гольф ойнаймын", - дейді ол Box Azteca басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Альварес кәсіпқой рингте 2005 жылы 15 жасында жұдырықтаса бастады.