"Головкин жас емес". Ауыр дивизиондағы экс-чемпион GGG карьерасын аяқтайтын уақыт жайлы

Гассиев және Головкин. Сурет: nyfights.com
Ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы Мурат Гассиев (26-1, 19 КО) орта дивизионда өнер көрсететін қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) жайлы пікір білдірді. Ресейлік боксшының сөзін Tofight.ru басылымы келтіріп отыр.

"Қалай дегенмен уақыт өзінікін алады, ол жас емес. Жақында 38 жасқа келді. Алайда мен үшін ол қазіргілер мен бұрын өткендер арасындағы ең мықты және тамаша боксшылардың бірі. Жақсы доспыз, қарым-қатынасымызды үзбедік. Ол Ресейге, Осетияға қонақ болғысы келген, әр кезде күтемін, үнемі байланыстамыз. Ол қатты нашарлай қойды деп есептемеймін, тек жасы келді. Енді аздап жұдырықтасқаннан кейін зейнетке шығуға болады", - дейді Гассиев.