Головкин және тағы екі қазақстандықтың жекпе-жектерін қайдан тамашалауға болады

Сурет: Vesti.kz. Тұрар Қазанғапов©
8 маусым Нью-Йоркте басты жекпе-жегінде қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) және канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) жұдырықтасатын бокс кеші өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл шоу Madison Square Garden аренасында өтеді, Астана уақытымен 9 маусымда басталады. Бұл жекпе-жек андеркартында қазақстандық боксшылар Али Ахмедов (14-0, 10 КО) және Бахтияр Эюбов (14-0, 12 КО) жұдырықтасады.

Ахмедовтың қарсыласы Маркус МакДэниэл (15-0, 2 КО). Екінші орта салмақта өтетін бұл жекпе-жек жеңімпазы WBC International титулын иеленеді. Ал Эюбовтың қарсыласы өзге америкалық Брайан Себальо (8-0, 4 КО).

Қазақстанда бокс кешін QazSport и Qazaqstan арнарлары трансляциялайды. QazSport тікелей трансляцияны таңғы 06:00 -де бастайды, ал 09:00-де Qazaqstan арансы тікелей көрсетілімді бастайды.

Рингке алдымен Эюбов, кейін Ахмедов шығады, ал Головкин бокс кешін аяқтайды деп күтілуде.