mr6rhOYL4DUVf1UnSzEz8S9170YGR9azCzWoxuyL
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин және "Канело" үшінші жекпе-жекке қатысты келіссөз бастады

Головкин және "Канело" үшінші жекпе-жекке қатысты келіссөз бастады
© reviewjournal.com
Қазақстандық Геннадий Головкин мен орта салмақта әлем чемпионы Сауль Альварестің командалары үшінші жекпе-жек бойынша келіссөзді бастады, бірақ екі тарап бір шешімге келе алмай жатыр. Бұл туралы Sport Illustrated тілшісі әрі DAZN стриминг сервисінің жүргізушісі Крис Мэнникс айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Командалар үшінші жекпе-жектің өтетін орнын шеше алмай отыр. Головкин Нью-Йоркте немесе Техас штатында жұдырықтасуды қаласа, Альварес трилогияны Лас-Вегаста аяқтауды жөн көреді. Қазақстандық боксшының Лас-Вегаста өткен алғашқы екі жекпе-жектегі төрешілердің қазылығына көңілі толмаған - екі кездесуде оған алты төрешінің біреуі ғана жеңіс берген еді.

Golden Boy промоутерлік компаниясы 21 маусымның соңына дейін Головкиннің командасымен трилогия өткізу бойынша келіссөз жүргізуге дайын, кейін басқа кандидаттарға ауыспақ. Мэнникстің мәлімдеуінше, екі тарап келісе алмайды.

Головкин мен Альварес үшінші жекпе-жектен көп қаражат алады. Екі боксшы да DAZN-мен келісімшартқа отырған, ал стриминг сервисі жекпе-жекті биыл өткізуді қалайды, себебі ол жазылушылар санын арттырады.

Айта кетейік, 9 маусымда Головкин DAZN-дағы алғашқы жекпе-жегін өткізіп, Нью-Йоркте канадалық Стив Роллсты нокаутпен жеңген болатын. Жекпе-жектен соң Головкин Альваресті трилогияны аяқтауға шақырған еді.

Головкин мен "Канело" бұған дейін екі рет жұдырықтасқан. Боксшылардың алғашқы жекпе-жегі тең аяқталса, кейін мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама