Бокс
8 қараша 2021 09:38

"Головкин ғана жеңе алатын еді". Абсолют чемпионның бапкері GGG - "Канело" айқасын қалайды

©АР

Жеңіл салмақта әлемнің абсолют чемпионы кіші Теофимо Лопестің әкесі әрі бапкері Теофимо Лопестің үлкені Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 KO) және Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) арасындағы үшінші айқасты көргісі келетінін айтты.

Кеше америкалық Калеб Плантты жеңіп, "Канело" екінші орта салмақ тарихында алғашқы абсолют чемпион атанды. 

"Бұл сұмдық болды. Калеб мұндай ауыр соққылар көтере алады деп ойламадым. Бапкер ретінде Плант тоғызыншы раундта жеңіледі деп болжағанмын, екі раундқа қателесіппін. Бірақ болғаны болды. 

"Канелоны" мұнда ешкім жеңе алмайды. Оны Головкин ғана жеңе алатын еді, бірақ, олай болмады. Жігіттер трилогияны тамашалағыларың келе ме? Мен көрсем деймін. 

Мүмкін, Дэвид Бенавидес - жұдырықтасу стиліне байланысты Альвареске қиындық тудыра алатын жалғыз боксшы. Басқа ешкім жоқ", - дейді маман FightHype.com порталына берген сұхбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport