Бокс
4 ақпан 2021 14:07
 
Головкин емес Қанат Ислам ба? Мунгияның промоутерлері GGG-мен жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

Головкин емес Қанат Ислам ба? Мунгияның промоутерлері GGG-мен жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады Сурет: Zimbio.com

Бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Хайме Мунгия (36-0, 29 КО) мен оның командасы орта дивизионда IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жек өткізу үшін бар күшін салмақ. Бұл туралы ESPN Deportes басылымына мексикалық боксшының промоутерлері Эрик Гомес (Golden Boy Promotions) пен Фернандо Бельтран (Zanfer Promotions) мәлімдеді. 

Олардың айтуынша, Головкин мен Мунгия арасында ресми келіссөз өтпеген. Алайда, DAZN платформасымен қоса, барлық мүдделі тараптар осы айқасты өткізуге ниетті. Ал қосымша амал ретінде Мунгияның командасы Қанат Исламды (27-0, 21 КО) сәуір айына қарастырып отыр. 

"Мунгияның Головкинге қарсы жекпе-жегі маған өте ұнап тұр. Дегенмен, мұндай келісімге келе алмасақ, сәуірде жұдырықтасамыз. Олардың дайынбыз дегенін күтіп отыра бере алмаймыз. Хайме жұлдыз бола алады, сондықтан, ол белсенді болуы керек. Қазір де, олт- халық чемпионы", - дейді Бельтран. 

Ал Гомес GGG мен Мунгия арасындағы жекпе-жекті "Синко де Майо" мерекесінде өткізуге мүделлі екенін растады.

"Біздің қызығушылығымыз зор. Серіктесіміз Фернандо Бельтранмен келіссөз өткіздік, енді Мунгияға "Синко де Майо" мерекесіне жекпе-жек ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарап жатырмыз. Егер Геннадий Головкин болмаса, басқа жолдарын қарастырамыз", - дейді ол. 

Жарнама

Живи спортом!